Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысқа алып келуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170716220756008_small.jpg

Отбасындағы зорлық-зомбылық бұл - қазіргі біздің дамыған қоғамымыздағы   көкейкесті мәселе, нәтижесінде одан жиі әйелдер зардап көреді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы прокуратурасының бұқаралық ақпарат-қызметіне сілтеме жасап.

         Әрине, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық орын алуына ер азаматтарының алкагольге тәуелді болуы және бұл зорлық-зомбылықтың орын алуына ең негізгі фактор болып табылады.

         Нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегеді. Ең бастысы зорлық-зомбылық кей жағдайларда ауыр қылмыстардың  орын алуына алып келеді.

         Жамбыл облысы прокуроры  Сыбанқұлов Ернаттың сөзіне қарағанда 2016 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 24 қылмыс орын алған,  2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында -8.

         Жамбыл облыстық жас аналарға арналған Дағдарыс орталығының мәліметіне сай 2016 жылы аталған орталыққа тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 14 әйел жүгінген, ал 2017 жылы- 6.

         Жұмыс бабында жиі жан түршігерлік әр түрлі оқиғалар туралы естуге тура келеді, «көк жылан»-ның кесірінен «отбасының езушісі»-мен жақын туыстарына қатысты зорлық-зомбылықтар жасалынады – деп облыс прокуроры айтып берді.

         Ағымдағы жылдың 30 мамырында Сарысу ауданында «Ш» деген азамат алкогольдік ішімдік ішіп алып, өзінің жолдасына пышақпен жарақат келтірген, тіпті жолдасының анасы «қой» деген әрекетіне құлақ салмай, соңғысына да  пышақ жұмсаған. Тек, дер кезінде оқиға орынына жеткен атасы күйеу баласын тоқтатқан. Қазір аталған күйеу бала қамауға алынып, соттың шешімін күтуде.

         Байзақ ауданында тұрақты зорлық-зомбылыққа шыдай алмаған, одан сорақысы анасына қол жұмсаған баласын, әкесінің өзі өлтіруіне алып келген.  Қарт жасына жеткен әкесі  өзінің 70 жылдығын көре алмай, қайтыс болып кеткен.

         Басқа жағдайда, Мойынқұм ауданында тұрақты зорлық-зомбылыққа шыдай алмаған әйел өзінің жолдасын өлтірген. Қазіргі кезде бұл әйел сот шешімін күтуде.

         Өкінішке орай, көп жағдайларда мұндай әрекеттерге алкоголь түрткі болады.

         Облыстық наркодиспансер мекемесінің мәліметіне  сай бүгінгі таңы алкоголдік ішімдікке тәуелді диагнозымен 5 мыңға жуық  ер азаматтары тіркеуде тұр, яғни бұл деген әлі көптеген отбасылары тұрмыстық зорлық-зомбылықтарға қауіпті болып табылады.         

         Біздің қалыптасқан менталитетімізге байланысты көптеген әйелдер  отбасыларындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтарына шыдап, оны жасырып келеді деп сеніммен айта аламын. Мұның бәрі аянышты нәтижелерге алып келеді.

         Ал қазір, өздерін, балаларын қорғау мақсатында көкейкесті  мәселелерді көтеруге көптеген мүмкіндіктер бар - деп атап кетті облыс прокуроры.

         Қазіргі таңы, Бас прокуратураның бастамасымен еліміз бойынша «Қазақстан отбасы зорлық-зомбылықсыз»  жобасы  іске асуда, оның шеңберінде елде жағдайды өзгерту мақсатында алдын ала сақтандыру шаралары жүргізілуде. Бұл әлбетте, заңдардың және ұйымдастыру шараларының  өзгертілуі,  үйлестіруші органды анықтау,  әкімдіктерде жаңа  отбасы және зорлық-зомбылықтар профилактикасы бойынша Басқармалар құруы, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар араларында өзара қарым-қатынас жүейсін құру және т.б.

         Осыған орай, қазіргі кезде облыс прокуратура органдарымен аталған жобаның іске асуына іс-шаралар жүргізілуде, әрбір прокурор профилактикалық іс-шаралар жүргізуге бағытталған, кездесулер, тренингтер жүргізілуде.

         Жергілікті полиция қызметі, дағдарыс орталықтардың өкілдері,  психологтар және басқа да мүдделі қызметтермен бірге қосыла отырып  қолайсыз отбасыларын аралап, оларға консультативтік көмек көрсету келешекте жоспарда бар.

         Отбасы ол- қоғамның ұясы деп менімен айтылмаған, осыған орай ондағы денсаулық жағдайы мемлекеттің қолайлы дамуына әсерін тигізеді, яғни бұл әрбір азаматтың мүддесі.

         Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы тұруына, тіпті ол басқа отбасында орын алса да, қатыспай қалуы әрбір азаматтың міндетіне жатады деп мен сенім білдіремін. Өйткені, тек бәріміз бірге ғана  аталған жамандыққа тойтарыс бере аламыз -, деп түйіндеді облыс прокуроры.

  

         

       

  

     

             

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар