Қарағанды облысындағы Көкпекті ауылының әкімі Бауыржан Смайылов көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен бір жылдық мерзімге айрылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Көппекті ауылының әкімі «көпке» түсіп отыр. Облыс басшысымен былтырғы селдің салдарнынан жапа шеккен елді мекедерді аралау мақсатында асығып бара жатырған әкім жол ережесін бұзған. Жолдың қарсы жақ бөлігіне шығып кетіп, МАЙ қызметкерлерінің назарына іліккен. Өте төменгі жылдамдықтыта жылжыған жүк көлігінің жүрісіне шыдамаған әкім «тиым салынған жолақта» басып озбаққа әрекет қылу барысында тәртіп бұзып отыр. МАЙ қызметкерлері лауазымды қызметкер екенін білгенімен де заң бәріне ортақ екенін алға тартып акт толтырған. Қарағандылық сот Жол ережесі туралы кодекстің 463 бабы, 3 тармағымен 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Өз кезегінде әкім «Заң бәрімізге ортақ, тәртіп бұзғандарға бүйрегін бұра қоймас, дегенменде түсінуге болатын жағдайлар болып тұрады ғой» депті тілшілерге берген сұхбатында.
Орынбасар Бақытбек