Түркияда «Алашорда» деректі фильмі көрсетілді

/uploads/thumbnail/20170708155906463_small.jpg

Түркияда алғаш рет режисссер Қалила Омаровтың «Алашорда» атты деректі фильмі көрермен назарына ұсынылды. Кония қаласында іске асқан аталмыш іс-шара «Анкара Қазақ жастары» бірлестігінің жетекшісі Мырзахан Байжанұлының атсалысуымен және Кония қаласындағы «Алаш жастары» интеллектуалдық клубының ұйымдастыруымен жүзеге асты.


Кинорежиссер-документалист Қалила Омаровпен кездесуде режиссер Алаш арыстарының өмірінен біз білмейтін қызықты мәліметтермен бөлісе отырып, «Алаш жастары» интеллектуалдық клубымен кездескеніне, «Алашорда» фильмінің алғаш рет шетелде көрсетілгеніне қуанышын білдірді. Қазақ мүддесі үшін бір мақсатта бас қосқан Алты Алаштың ұлдарының тарихын баяндайтын, Сталиндік репрессияның жазықсыз құрбаны болған Алаш зиялыларының өмірінен сыр шерткен «Алашорда» деректі фильмі көрерменге үлкен әсер қалдырды. Кездесу барысында «Алаш жастарының» мүшесі Ержан Арқабаевтың орындауында «Алаш» күйі сыйға тартылды.


Қазақ тарихын кино тілімен сөйлеткен режиссер Қалила ағамызға кездесу соңында «Алаш жастары» интеллектуалдық клубы атынан сауға және алғыс хат берілді.

Сарпекова Айгерім, «Алаш жастары» интеллеклуалдық клубы, ақпарат бөлімі мүшесі

Қатысты Мақалалар