Білім және ғылым министрі міндетін атқарушы Бибігүл Асылова «2017-2018 жылға арналған ЖОО-на және ЖОО кейінгі оқуға Мемлекеттік білім гранттарын бөлу туралы» заңға қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, бакалавр, магистратура және доктарантураға білім саласына қатысты барлық мамандыққа 6 385 грант бөлінді. Ал құқықтануға ел бойынша 100 грант тағайындалды. Техникалық мамандықтарға 11 255 грант бөлінді. Ал жаратылыстану ғылымына 2133 грант бекітілді.
Пікір қалдыру