Студенттер Президенттің отставкаға кеткенін қалайды

/uploads/thumbnail/20170708160015407_small.jpg

Мексикада Гарреро штатының  студенттері үкімет басшысы Энрике Пьено Ньетоның 6 күн ішінде отставкаға кетуін талап етіп отыр. Бұл туралы РиаНовости хабарлайды.

Студенттер жексенбі күні Гарреро штаты Чимпальсинго қаласында екі бірдей радиостанцияны басып алып, тікелей эфирден президенттерінің отставкаға кетуін үндеген.

Наразылық шеруін ұйымдастырушы студенттер белсендісі: « 26 қараша біздің достарымыздың жоғалғанына тура 2 ай болады. Ал осы күнге дейін біз биліктің аузынан оларды іздеу жұмыстарына атүсті қарап, жалған ақпарат бергендерін білеміз» дейді.

Игуалада студенттер 26 қыркүйек күні елдің білім беру жүйесіне қарсылықтарын білдіріп, алаңға шыққан болатын.  Игуаланың экс-мэрі Хосе Луиса Абаркидің бұйрығы бойынша оларға қарсы шабуыл орын алған.  Нәтижесінде 6 студент оқиға орнында қаза тапса, 43 студентті полиция жасағы алып кеткен болатын. Кейін анықталғандай ұсталған студенттерді полицейлер қылмыстық топ «Біріккен жауыргерлердің» қолына табыстаған.

Содан бергі уақыттарда Мексикада наразылық шерулері жиі ұйымдастырыла бастап, ашынған халық әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасай бастаған. Көлік жолдарын жауып, қарсылықтарын күшейткен. Ал Игуалының экс-мэрі жұбайы екеуі қашып кеткеніменен көз ұзамай ұсталып, оған қоса ондаған полицей қызметкерлері қамауға алынған болатын.

Қатысты Мақалалар