Германияда Адольф Гитлердің авторлық картинасы аукционға түсіп 130 000 еуроға сатылған. Бұл туралы РиаНовости хабарлайды.
1916 жылы бейнеленген картина «Загс/Ескі ратуша» деп аталып, астына А. Гитлер деп қол қойған екен. Картинаның аукциондағы бағасы 4,5 мың евродан басталған.
Картина ақшыл түсті матаға салынып, онда екі ғимарат бейнеленген.
Бұл Гитлердің 1905-1920 жылдар аралығында салынған 2 000-дай картинасының біреуі ғана. Сатып алушы Таяу Шығыс елінен келген аукционер.
Байқау заңды түрде өтті. Германияда білетініміздей «ұлтшылдық» символикасы бар дүниелер сатылымға шықпайды.
Гитлер жас күнінен суретші болуды армандапты. Екі мәрте суретшілер академиясына емтихан тапсырып, түсе алмай қалған көрінеді. Салған картиналарында адамдарды бейнелемей, қаланың не ауылдың, ғимараттардың сұлбасын ғана көруге болады.