2019 жылы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Мұндай шешім 24 шілде күні Мәскеу қаласында өткен AIBA-ның отырысында белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Турнирді өткізуге үміткер елдердің ішінде Түркия, Украина, Тайланд және Үндістан елдері бар.