АҚШ сенаты «Обама заңы» пікірталасын бастамақ

/uploads/thumbnail/20170726155448254_small.jpg

АҚШ конгресінің жоғарғы палатасы Денсаулық сақтау актісі бойынша сейсенбі күні «Обама заңы» пікірталасын өткізуге дауыс жинады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 Бұл процестің нәтижесінде Барак Обама президент болған жылдардағы медициналық сақтандырудың реформасы жойылуы мүмкін.

Сенаторлар мен демократтар «Обама заңына» қарсы сөйлейтін болады. Республикалықтардың арасында бұл заңнама бойынша пікірі қалыптаспағандар да бар. Кей адамдар заңнаманы жүзеге асыру арқылы президент Трамп пен республикалық партия басшылығының мақсаттарының орындалмайтынын айтады. Мәселен, денсаулық сақтау жне сақтандыру полистері құынының түсуі. Дональд Трамптың мәлімдеуінше, «Америка «Обама заңы» аталатын сұмдықтан құтылуға бір табан жақын болады».

Пікірталастар мен келіссөздердің формалды процесі бірнеше күнге созылады. Сейсенбі күні өткен алғашқы дауыс беру кезінде республикалық жоба қабылданбаған. Енді республикалықтар заңның жаңа нұсқасын дауысқа салмақ.

Қатысты Мақалалар