Зиданды жұрт біледі. Зинедин ше. Франция құрамасын жеңіске жетелеген ақылды футболшы. Сол Зиданның ұлы бар. Энцо. Италия жерінде көп жүрді. Есімін етік секілденген елдің құрметіне қойыпты. Мүмкін даңқты бапкер Беазортты есте ұстаған шығар. Энцоның түбі арап болғанымен нағашысы испандар. Зинединнің ұлы әзірше сол нағашыларының тегін жейдесіне жазып жүр. Энцо Зинединұлы Фернандес. Неге дейсіздер ғой? Энцоның өзі айтатын көрінді. «Футболда Зидан атануға елі ерте», - деп. Не деген ақылды бала. Әкенің беделін ойлаған. Айтайық дегеніміз «Ертіс» еді ғой. Оған ораламыз. Өткен аптада «Реалдың» қосалқы құрамын баптайтын Зинедин Зидан «Конкерсемен» кездесудің сексен сегізінші минутында қатты толқыды. Себебі алаңға Энцо Зинединұлын шығаруға тура келді. Осылайша Энцоның футболдағы ғұмыры басталды. Он тоғыз жасар ойыншы сынға түсер алдында бапкерден ақыл тыңдапты. Әке Зидан әлдебір тапсырманы ұзақ түсіндірген. Энцо 1995 жылдың жиырма төртінші наурызында Бордода дүниеге келді. Енді «Ертіске» келейік. Зинедиұлы он төрт жасқа толғанда Дмитрий Черышевтың қолына түседі. Қазір Дмитрий Павлодарда жүр ғой. - Энцоның ақылы көп. Тіпті дене күшінен ойлау қабылеті жылдам дамыды. Алаңда финт көрсетуге ұмтылатын. Шамасы келмесе де алыстағы ойыншына доппен табуды қалайтын. Зидан ұлы туралы біліп тұрды. Көп тыңдайтын. Әбден сұрайтын. Зизу орыс бапкері ұсынған үй тапсырмаларын ұлынан қатаң талап етеді екен. Тіпті өзі бірігіп жасайтын кездері де болған. Әке шамасы ұлының футболды сауатты ойнауына мүдделі болса керек. Энцо француз құрамасына көп жалтақтаған. Ақыры нағашы жақтан түскен шақыртуды құп көріп, Испания жастар құрамасына тартылды. Айтпақшы 2011 жылы бесінші қыркүйекте Зинединнің ұлы «Реалдың» негізгі құрамымен жаттығыпты. Жозе Мауриньо қол астында. Криштиану Роналдо мен Езилдің маңында. Какамен де пас алмасқан. Шет елде мұндай бастамаға өріс көп. «Реал» секілді командалар кейде жастар тіпті жасөспірімдер тобымен бірге жаттығады. Өнеге көрсін дейді ғой. Бізде ше? Шеттен келген шалағай бапкерлер шалқасынан түссін. Әй бірақ оларды да түсінуге болады. Балаларға не үйретсін..
(Амангелді Сейтхановтың фейсбуктегі парақшасынан..)