Арман Сқабыл ағамыздың "Жасұланға жасалмаған жақсылық" дегенінен шығады. Күні кеше Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Жасұлан бауырымызға "Джип" автокөлігінің кілтін ұстатты. Алла разы болсын! Темір-терсегіңіздің бәрін қазақ атынан дүнген, кәріс, орыс ағайындар көтеріп, туыңызды жебліретіп жүргенде шолақ Балуанның сарайында бүкіл жұмыр жердің металомын басына тік көтерген тұңғыш қазақ - Жасұлан еді. Ақ жағалылар телефон көтеріп шауып жүргенде, Жасұланды босағада жүрген шенеунік те құттықтамады. Тарихқа атын алтын әріппен жазған Хантәңірінің мұзбалағы сол күні Талғардағы қос бөмелі үйінде булығып жатты. Үлкен үйдегілер "қай ауылдың баласы екен?.." деп ойланып толғанғанып отырғанша, батыр қазағын сарайдан тік көтеріп алып шығуы тиіс еді. Сәл кешікті, есесіне халық көтеріп кетті. Жазған халықтың қалтасында не бар дейсің?.. Ат ауыстырумен басы қатып жүрген Алматы облысы жас батырды не қылсын? Дүниенің додасына Тараздың атынан түсті. Әулие -Атаның қолдағаны сол емес пе, Райымбек батырдың ұрпағы темір атаулының ұршығын шыр айналдырды. Хантәңірде түлеген, Алатауда бусанған, сарайда әруақ шақырған Толағайды Тараз жұрты ұлықтады.Жазира қыз бен Жасұланды күллі қазақ ұлықтаса да артық емес. Алға, Тараз! Жаса, Әулие Ата! Біз бұл туралы кең толғап жазатын боламыз, әлі...
(Жанарбек Әшімжанның фейсбуктегі парақшасынан)