Балуан Шолақ шынайы бейнесіне біршама жақындатып салған портреті тұрғанда сайқымазақ мүсіндер неге керек? Шудағы ескерткіші мас адамдай теңселіп тұр. Қолында домбыра. Кеудесі жалаңаш. Ал мынауы одан да сорақы. Кір тасы емес, төп-төртбұрыш бірдеңе. Пакет пе, басқа дейтін жұрттың пікірі оңды. Екеуінің сойып қаптап қойғандай бір-бірінен ұқсап тұрғанын айтсаңшы.
Үлкен мұраттан, мақсаттан туындауға тиіс ескерткіш тым қарабайыр. Эстетикалық талғамды айтасыз, қарапайым пропорция мәселесі дұрыс шешілмеген. Еліміздің ең маңдай алды мүсіншілеріне жасатқанда керемет болар еді.
Орны да дұрыс емес. Алматыда атында тұрған ірі спорт кешені тұрғанда "Тараз-Аренаға" қоюы дұрыс болмаған. Үйлеспейді. Ақшаны өзім шығардым, қайда қойсам да өзім білем дейтін болса, онда өзінің ауласына орнатсын. Елдің көбесіне көтерген ұлы тұлғасы әркімнің меншігі емес қой.
Сонымен кімді кім алдап жүр?
(Заңғар Кәрімханның фейсбуктегі парақшасынан)
