Израиль парламенті 9 мамырды Жеңіс күні етіп белгілеу туралы заң қабылдады. Бұл құжат мейрамның мәртебесі мен оны салтанатты тойлау тәртібін бекітті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Израиль депутаттары заңнаманы бірауыздан қолдады.
Діни секторлы мектептерде министрліктің қолдауымен салтанатты мейрамды еврей күнтізбесі бойынша тойлауға рұқсат етілді. Еврей күнтізбесі бойынша ияра айының 26-жұлдызы 9 мамырға тура келген.
Заңнаманың мақсаты- мектеп бағдарламасы мен сабақ кестесіне, әскер бөлімшелерінде нацистерге қарсы соғыстағы жеңіс мәселесін зерттеу мен оны насихаттау.
Пікір қалдыру