Қазақстандық суда жүзуші Әділ Қасқабай жаңа рекорд орнатты

/uploads/thumbnail/20170727104442323_small.jpg

Будапештте су спорты түрлері бойынша әлемнің FINA біріншілігінде жүзгіш Әділ Қасқабай 100 метр қашықтықта құлаштап жүзуден межеге 50 секундта келіп,  Қазақстан рекордын орнатты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Су спорты түрлері федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Әділ өзінің бұрынғы 50.10 сек. нәтижесін жақсартып, қашықтықты 49.81 сек. уақытымен аяқтады.

«Бүгінде қазақстандық кроль әдісімен жүзушілер үшін Әділдің нәтижесі - тарихи қадам. Осы 50 секундқа ұзақ уақыт бойы қол жеткізе алмай жүрген едік», - деді жүзу құрамасының бас бапкері Олег Вагизов.

«Әділ бұл тосқауылды бұзды, енді біздің спортшылар тез жүзеді деп сенемін. Әлем чемпионатына дайындық үшін жеті жасөспірімді жаттықтыру үшін іріктеп алдық. Оның ішінде Дмитрий Баландин де бар», деді Вагизов.

Айта кетсек, жүзушілерді дайындау жөніндегі кешенді ғылыми топ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Су спорты түрлері федерациясымен бірлесіп 2013 жылы құрылған еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар