«Қамшы» неге «New York Times»-пен қатар қойылды?

/uploads/thumbnail/20170708150828261_small.jpg

Кеше Бейжінде Қытай коммунистік партиясының XVIII құрылтайы ашылды. Осыған байланысты ма, әлде, басқа себептер болды ма, өткен 2 аптаның айналасында Қытай елі бірнеше шетел ақпарат көздерінің интернеттегі парақшаларына шектеу қойды. Оның басында дүниежүзі жұрты танитын «New York Times» тұрса, сол қатарда әлем қазақтарына арналған «Қамшы» порталының төте жазу нұсқасы да бар. «New York Times»-тың көкейінде не ойлайтынын қайдам? «Қамшының» қамы – өз қазағы. Қытай туралы ақпарат жарияласақ, ол Қазақ елінің «Қытайтану» саласына үлес қоссақ деген игі тілек.

Ғаламторда қандай ғаламат барын кім білсін? Порталымыздың төте жазу нұсқасы қалай тоқтатылды, ізінше сурет жүктелуде қиынға соқты. Тіпті кейде ашылмай да қалатын жағдай кездесіп жатыр. Жалпы, «Алыстан дос, жақыннан жау іздеме» деген қазақтың әдемі сөзі бар. Ендеше, алты Алаштың қамы деп ашылған «Қамшы» порталынан өзге жұрттың соншалықты қауіп күтуінің қажеті шамалы деп ойлаймыз.

Басты мақсат баяғыдай – бар қазақтың пікірін бір арнаға тоғыстыру.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар