Алматы облысында ұшақ құлап, 2 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170727113912502_small.jpg

Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Qаmshy.kz ақпарат агенттігі  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Комитет ақпаратына сәйкес, 27 шілдеде Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, 2 адам қаза тапты.

Ұшақ авиахимиялық жұмыстар жүргізіп жатқан. ЯК-12 ұшағы "ҚазАвиа" әуе компаниясына тиесілі. 

Комитет бұл оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады. 

Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан тың хабарлауынша, ЯК-12 ұшағы жүгері алқаптарына химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген.

"Ұшақтың ішінде ұшқыш пен тағы бір адам болған, екеуі де қаза тапты", — деді Иманқұлов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар