Шу – Отар телімі бойынша игерілген қаражат 12 354 554, 608 теңгені құрайды

/uploads/thumbnail/20170727113006305_small.jpg

Бүгінгі күні Шу – Отар телімі бойынша игерілген қаражат 12 354 554, 608 теңгені құрайды. Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан темір жолы» - жүк тасымалы АҚ – «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы директорының орынбасары Үмітбек Рысбеков баяндады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде:

  • АҚ «Темір жол жөндеу» мердігері – 8 201 593,336 теңге;
  • АҚ «Жол жөндеуші мердігері» – 4 152 961,271 теңге;

Жалпы Шу- Алматы-1 телімі бойынша 39 млрд. теңгедей қарастырылған.

Бүгінгі таңда Шу-Отар телімінде үш секциялы ВЛ80С локомотивтері пайдаланылуда. Келешекте Шу-Отар, Отар-Алматы теліміндегі екінші жолдардың құрылысы аяқталғаннан кейін 2018 жылға Шу-Алматы-1 телімінде Астана қаласындағы локомотив құрастыру зауытында құрастырылатын KZ8AT сериялы электровоздарды пайдалана отырып пойыздардың тоқтаусыз қызмет көрсету аумағын ұлғайту жоспарланып отыр.

Екінші жолдар пайдалануға берілгеннен кейін және телім түзетілгеннен кейін пойыздарды өткізу қабілеттілігі жақсарады. Вагон айналымы ұлғаяды, сондай-ақ KZ8AT сериялы электровоздар енгізілгенде итермелегішті пайдалану арқылы пойыз салмағын 3600 тоннадан 4500 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр, - деді спикер.

 АҚ- «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің» 2017жылдың  2-ші  жартыжылдығына  арналған  міндеттері мен  мақсаттары:

- Жүк тасымалдау  қызметтерін көрсетудегі  нәтижелілікті  арттыру.

- индустриалдық аймақтың дамуымен шығарылатын өнім көлемін арттыру есебінен жүктерді тиеуді 3,7%- ға арттыру:

- «Еврохим Каратау»ЖШС (жүк – хим.тыңайтқыштар)–43,7 мың.тн;  

- «ЖЦПК»ЖШС (жүк - цемент)– 45,7 мың.тн;

- «WTRADING»ЖШС (жүк–түйіршіктерген қождар)–27,8 мың.тн.;

- «Казфосфат»ЖШС (жүк – хим.тыңайтқыштар)-107,1 мың.тн.;

- «АCIG»ЖШС (жүк – цемент)-11,5 мың.тн.;

- «Кнауф гипс»ЖШС (жүк–гипс тасы)-40,2 мың.тн.;  

- «Еврохим Каратау»ЖШС және «Казфосфат»ЖШС шығарылатын өнімнің  көлемін арттыру  есебінен  экспорттық  қатынастағы  жүк тиеуді 3%-ға арттыру.

- жалпы  жүк тиеуде ҚТТ вагон паркінің үлесін 36%-ға дейін арттыру.

- ЖТ бөлімшесінің берілген жоспарларын орындау және жөнелтілетін жүк  көлемін ұлғайту бойынша ірі жүк жөнелтушілерді шақыра отырып кеңестер ұйымдастыру.

- түйіспелерден келетін жүк тиелген ауыр салмақты пойыздар есебінен және вагондардың толық сыйымдылығына дейін немесе вагонның құрылымына сәйкес трафареттік жүккөтергіштігіне қарай жүк тиеу есебінен ЖТ бөлімшесінде  ауырсалмақты пойыздарды құрастыру  жұмысын жандандыру.

- «Технологиялық толаскез»беру кезінде транзиттік вагон ағымын ұйымдастыруды бақылауды іске асыру жұмысын жалғастыру.

- ТОР, ППВ–да  вагондардың сапалы жөнделуін уақтылы  орындау  

- Өндірістік құрылғыны және механизмдерді қауіпсіздіктің техникалық нормаларына  сәйкес күтіп-ұстау, - деп қорытындылады Үмітбек Рысбеков.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар