Астана шенеуніктері автобуспен жүретін болды

/uploads/thumbnail/20170727120532982_small.jpg

Елордалық әкімдік пен қала аудандарының топ-менеджерлері қоғамдық көлікпен жүретін болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz мәліметіне сүйеніп. Бұл тапсырманы Астана әкімі Әсет Исекешев қол астындағыларға берген.

"Елорда басшылары, қала әкімі мен орынбасарларынан бастап, аудан әкімдері мен орынбасарлары аптасына бірнеше рет, сондай-ақ басқарма, қала ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелер басшылары күніне бір рет қоғамдық көлікті пайдалануы тиіс", — деді Исекешев бейсенбі күні жиналыста.

Маусым айының ортасында ЭКСПО-2017 кезінде көлікпен қамтамасыз ету және қаладағы жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өткен жиналыста Астана әкімі қалалық автобустардың қызмет көрсетуін  қатаң бақылауға алуға уәде берген еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар