Астана әкімдігі «Highvill» ТК-де тексеру жұмыстарын ұйымдастырды

/uploads/thumbnail/20170727123100836_small.jpg

Елордалық әкімдікте Әсет Исекешевтің басшылығымен жиын өтті, оның аясында қаланың тіршілік қаракеттеріне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларының іске асуы  және Смарт-сити жобасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрқан Сәдуақасов жаңа оқу жылы қарсаңында білім мекемелерінің дайындығы туралы баяндады.

Күн тәртібінде келесі тақырыптар бойынша мәселелер қарастырылды: тұрғын үй құрылысында үлескерлікпен салу мәселесі, қаладағы тіршілік қарекетінің нысандары, қалада қауіпсіздікті және жедел әрекет етуді қамтамыз ету мәселелері, бюджет қаражатының игерілуі, азық-түлік бағасы, ТКШ саласында жаңа тетіктер.

«Соңғы уақытта түнгі уақытта орын алатын шу және көшедегі ұрыс-төбелес жөнінде шағымдар көбейіп кетті. Осыған байланысты қалалық ІІД және ЖПҚ ойын-сауық мекемелерге қатысты бақылауды күшейту керек»,- деді Әсет Исекешев.

Оған қоса әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхамбетов қала басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып өрт қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты «Highvill» ТК-де тексеру жұмыстарын ұйымдастыруда.

Сондай-ақ Әсет Исекешев қоғамдық көлікте жүру туралы хаттамалық тапсырма берді.

«Елордалық әкімдіктің басшылары, әкімнен бастап, аудан әкімдері, орынбасарлар, онымен бірге басқарма, қалалық ведомство және құрылымдық бөлімшелердің басшылары аптасына бір рет қоғамдық көлікте жүрулері тиіс», - деді қала басшысы.

Жиын қорытындысы бойынша әкім елордалық ІІД басшысына қоғамдық тыныштықты сақтауда қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі жөнінде тапсырма берді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар