Алматы облысында үш жеткіншек 15 жастағы жасөспірімнің өліміне кінәлі деп табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық сотының баспасөз хатшылығына сілтеме беріп.
2017 жылдың 21 маусымында Алматы облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық соты үш жеткіншекке қатысты үкім шығарды. Жеткіншектің Қ -ның Қылмыстық Кодексі негізінде жауапқа тартылып, 5 және сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметтері бойынша 2015 жылдың 18 қарашасында екі мектеп оқушылары арасында төбелес болған. Алған жарақаттар кесірінен 15 жастағы Шахзат Махаметовтың мойын омырқасы сынып, бас сүйегі зақымдалып, қаза тапқан болатын.
Пікір қалдыру