ҚР ДІАҚМ Мысырдағы қазақстандық студенттер туралы пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20170725114416197_small.jpg

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде Мысырдағы қазақстандықтардың қатысуымен болған жағдай туралы пікір айтылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мысырға тіл курсына оқуға барған алты қазақстандық студенттің қатысуымен болған жағдай туралы пікір білдірді.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі Бақытжан Құлекеевтің айтуынша, Каир қаласындағы тілдік курстарында оқитын қазақстандық алты тыңдаушы Мысырдың құқық қорғау орагандарының қызметкерлерімен ұсталып, сол мемлекетте екендігі анықталды.

Ведомство өкілдері аталған оқиға оң шешіліп, азаматтарымыз елге аман-есен оралатындығына үміттенетінін жеткізді.

«Осы оқыға байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев шетелдік оқу орындарына жастарымыздың бақылаусыз шығып кету мәселесін бірнеше рет көтерген болатын», - деп атап өтті министрдің кеңесшісі.

Жастарымыз, шетелге діни білім алу мақсатында шығып, радикалды діни ағымдар идеологтарының ықпалына түседі. Бұл қазақстандықтардың шетелдегі діни оқу орындарына баруының реттелмеген тәжірибесінің салдары болып табылады. Бүгінгі таңда 300-ге жуық азаматтарымыз шетелде осындай жағдайда білім алуда. Олар көбінесе Египет пен Сауд Арабиясында білім алады. Аталған азаматтардың бір бөлігі түсіндіру жұмыстарынның нәтижесінде елге оралды.

«Аталған мемлекеттерде ахуал бүгінгі таңда күрделі екендігін түсіну қажет. Ол жақта терроризмге қарсы және жалпы көші-қон тәртібі күшейтілді. Осыған байланысты, егер радикалды ағымдардың жақтаушысы болмасаңыз да, марказ деп аталатын күмәнді оқу орталықтарында, діни немесе тілдік курстарында оқитын болсаңыз, жергілікті арнайы органдар мен полицияның назарына дереу ілігесіз», - деп баса айтты Б. Құлекеев.

Осыған байланысты, министрлік осындай жастардың ата-аналарына балаларын осынау оқу орындарына жібермес бұрын мәселенің дұрыстығын мұқият ойластырып, барлығын ақылға салуға кеңес береді.

Бақыжан Құлекеев өзіміздің оқу орындарымыз бар екенін ескертті. Мысалға, Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» университеті мен еліміздегі медреселердің жүйесі бар. «Сондай-ақ, неліктен тиісті мамандық алып, болашақта табыс көздерін таба алатын басқа да білім алуды ойламасқа», - дейді министрдің кеңесшісі.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бұдан былай шетелде келісімсіз білім алып келген тұлғаларды жұмысқа қабылдамайтынын жариялады.

Қазіргі уақытта діни қызмет туралы заңнама жобасын әзірленуде. Осы жұмыс шеңберінде, шетелде теологиялық білім алумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін норманы ұсынылатын болады.

«Бірнеше нұсқалар бар. Біз оларды басқа ведомстволардың сарапшыларымен талқылау үстіндеміз. Олардың бірі Қазақстанда бакалавриат деңгейінде жоғарғы діни білім алғаннан кейін және тіркелген діни бірлестіктердің жолдамалары бойынша ғана шетел мемлекеттерінде рухани (діни) білім алуды қарастырады. Магистратура және докторантура деңгейі бойынша білім алуға шектеулер қарастырылмайды. Егер діни бірлестікте Қазақстан аумағында тиісті білім беретін мекемесі болмаған жағдайда ғана оқыту қарастырылуы мүмкін.

Аталған норма бойынша қойылатын шетелге шығуға шектеу азаматтардың білім алудағы басты құқықтарын бұзбайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар