23 шілде күні Қарағандыда Ардақ Жұмкешов есімді 20 жастағы жігіт қайтыс болды. Марқұмның анасы баласының өліміне полиция қызметкерлерінің қатысы бар деп отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Марқұмның анасы Меруерт Жұмкешованың айтуынша, 23 шілде түнде Қарағанды қаласының 14-ықшам ауданында Ардақтың оқ атылған, жаралы денесі табылған. Ардақ өлер алдында хат қалдырып, онда полиция қызметкерлерін кінәлаған.
Меруерт Жұмкешованың айтуына қарағанда полиция оған баласының суицид жасап өлгенін айтқан, тіпті анасынан сот медициналық сараптаманы қайтара жасатпауы туралы келісіме қол қоюды талап еткен.
Ардақтың денесі аталған ықшам ауданындағы гараждардың бірінде табылған.
Қарағанды облыстық ІІД-де аталған оқиға бойынша Ардақ Жұмкешовтың жол ережесін бұзып, мас күйінде көлік айдағанын, осы орайда оны тергеуге алғанын хабарлады. Ал осы оқиға орын алған күннің ертесінде Ардақ Жұмкешовтың мәйіті табылған.
Оқиғаға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Пікір қалдыру