Украинаның Жоғары рада депутаты Надежда Савченко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Украинада президент және парламент сайлауы 2019 жылы өтеді. Савченко бұған дейін де халық қолдаса президент болуға дайын екенін айтқан. Шілде айында Әділет министрлігі «Надежда Савченконың қоғамдық-саяси платформасы» атты партиясын тіркеді.
«Президенттік компанияны тіркеу үшін 2,5 миллион гривен қажет. Қор ашылып жатыр ары қарай не боларын көре жатармыз» деді Савченко украиндық «Главком» интернет сайтына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, ол Радаға да сайлауға түсуге дайын екенін айтты.
Пікір қалдыру