Жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Джордан Балмир (5-0, 3 КО) Қанат «QAZAQ» Ислам 24-0, 19 КО) өткізген споринг туралы және отандасымыздың Брэндон Кукпен (18-0, 11 КО) өткізетін кездесуіне болжам жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сәлтеме жасап.
«Мен Қанат Исламның Флоридада спорринг қарсыласы болдым. Онымен өткізген төрт раундтың қорытындысы бойынша, мықты боксшы екенін түсіндім. Оның екі қолының да соққысы жойқын. Өте мықты. Алыс қашықтықта да, жақын қашықта мықты жұдырықтасады.
Мен Кукты жақсы білемін. Қанат Исламның күшін өз басымнан өткіздім. Мұны айтқым келмейді, бірақ Куктың жеңіске жететін мүмкіндігі жоқ. Егер «QAZAQ» бар күшін салатын болса, Кукты есінен тандырып жіберуі мүмкін. Менің ойымша, Қанат Ислам нокаутпен жеңіске жетеді», – дейді Балмир.
Еске салайық, Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы кездесу 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өтеді. Канадалық боксшы өзінің соңғы кездесуін отандасы Стивен Батлерге қарсы өткізіп, нокаутқа түсірген болатын.
Қанат Ислам болса өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа жіберген.
Пікір қалдыру