Астанада оқушыларды жұмыспен қамту қолға алынуда

/uploads/thumbnail/20170728125841932_small.jpg

Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында прокуратура, жергілікті полиция өкілдері мен жұмыс берушілердің қатысуымен оқушыларды жұмыспен қамту бойынша кездесу өтті деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі Астана әкімдігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана қаласы ІІД жергілікті полициясының ювеналдық полициясы жыл сайын құқық бұзушылық әрекет жасаған кәмелет жасқа толмағандарды оңалту аясында оларды жұмысқа орналастыру және жаз мезгілінде бос уақыттарын ұйымдастыру шараларын өткізеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар, жастар мәселелері жөніндегі, білім басқармалары және елорда прокуратурасы тікелей және белсенді түрде қатысады.

Орталыққа жұмыс іздеп 16 мен 18 жас аралығындағы 10 бозбала келген.

«Скиф Трейд» ЖШС, «Magnumcash&carry», «Крепеж Маркет» ЖШС оларға бөлшектеуші, сатушы, жүк тиеуші, кассир және сауда өкілі жұмыстарын ұсынды.

 - Біздің кездесуіміздің негізгі мақсаты –жұмысқа орналасуға көмектесу, өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату, балаларға қиын жағдайда көмек көрсету, - деді тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы директорының әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі Арнұр Искаков.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар