Nate D. Sanders Auctions аукцион үйі АҚШ президенті Дональд Трамптың салған суретін сатылымға қойған болатын. Аукцион кеше 27 шілде күні өтіп, президент салған сурет $29 184 АҚШ долларына сатылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лайф.ру-ға сілтеме жасап.
Аталмыш суретті Дональд Трамп 2005 жылы қайырымдылық іс-шарасында салған екен. Суретте Нью-Йорк қаласы бейнеленіп, композиция ортасында Трамп Тауэр ғимараты орналасқан. Сонымен бірге суретте АҚШ президентінің қолы бар. Аукциондағы суреттің бастапқы бағасы 9000 АҚШ доллары болып есептелген. Суретті сатып алушының есімі белгісіз.