Қазақстандық SCAT әуе компаниясының ұшағы Стамбулда түркиялық Turkish Airlines компаниясының ұшағымен соқтығысып қалған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Оқиға 27 шілдеде болған. SCAT компаниясының Стамбулдан Ақтауға ұшқалы тұрған ұшағы әуежайда түркиялық компанияның әуе кемесін соққан. Екі ұшақ та "кішкене ғана зақымданғаны" хабарланды. Ұшақтағы жолаушылар зардап шекпеген.
Қазақстандық жолаушылар Стамбулдан Ақтауға жеткен. Ал Turkish Airlines компаниясының жолаушылары Тайпейге басқа ұшақпен ұшқан.
Пікір қалдыру