Елімізде биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

/uploads/thumbnail/20170729094537626_small.jpg

Қазақстанда биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Мектептегі оқу жылының басталуына байланысты шаралар 2 қыркүйекке ауыстырылды.

Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев ведомствоның мектептерде білім күнін Құрбан айтқа байланысты ауыстыру жоспарланып отырмағанын осыған дейін мәлімдеген еді. 

Құрбан айт мерекесінің 1 қыркүйекке тура келуіне байланысты оқу жылы 2 қыркүйектен басталады.  Айта кетейік,  2 және 3 қыркүйекте сенбі және жексенбі. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар