АҚШ Жапонияға 4 гектар жерін қайтарып берді

/uploads/thumbnail/20170731103911220_small.jpg

АҚШ дүйсенбі күні Жапонияға 4 гектар жерді қайтарып берді. «Футэмма» әскери базасы үшін алынған Окинавадағы Гинован қаласының орталығында орналасқан 481 гектар жердің тек 0,8%-ы ғана қайтарылған. Бұл жерді қайтару туралы келісімшарт 2016 жылдың желтоқсанында жасалған болатын. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Осыдан 20 жыл бұрын Жапония үкіметі АҚШ-тың Гиновандағы  әскери базасын жабу туралы шешім қабылдаған. Алдымен базаны перфектурадан мүлдем тыс жерге көшіру жоспарланған. Содан кейін әскери базаның арал ішінде орын ауыстырып жаңа аэродром салыну қолға алынды.

Окинава аралында АҚШ-тың 74% әскери объектілері мен американдықтардың жартыдан көп қарулы күштері  орналасқан. Бұл аралда 25,8 мың американдық әскерилер қызмет етеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар