Дэниэл Джейкобс: Канеломен емес Головкинмен жұдырықтасқым келеді

/uploads/thumbnail/20170731110657527_small.jpg

Американдық боксшы Дэниэл Джейкобс  мексикалық Саул Альвареспен емес Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты,  деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz-ке сілтеме жасай отырып.

«Мен кез келген боксшымен жұдырықтасқым келеді, бірақ біреуін таңда десе Головкинді таңдар едім . Себебі Головкин әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі»,- дейді Дэниэл Джейкобс.

Естеріңізге сала кетейік «GGG» мен «Канело» арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар