YouTube желісінде әлемдегі накаудқа түсіргіш әйел спортшылар туралы арнайы видео пайда болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ендеше, кәсіпқой бокстағы накаудқа түсіргіш әйел спортшылардың көшін бастап тұрған былғары қолғап шеберлерімен таныс болыңыздар.
5-ші орында Ирландиялық Кэти Тэйлор тұр. Әйелдер арасында әуесқой бокстан Ирландия, Еуропа мен Әлем чемпионы. 12 жасынан бастап әуесқой бокспен шұғылданған Тэйлор 2001 жылы алғаш рет Белфаст қаласында шаршы алаңға шығады. Аталған сайыста Кэти 23-16 есебімен жеңіске жетіп, Ирландиядан шыққан бірінші боксшы атанады. Қазіргі уақытқа дейін 5 рет шаршы алаңға шығып, оның үшеуінде уақытынан бұрын жеңіске жеткен.
4-ші орында 40 жастағы франциялық спортшы тұр. Накаудқа түсірушілердің көшін бастап тұрған спортшы өзінің 27 жеңісінің 23-ін накаудпен аяқтаған. Сонымен қатар, жеңіл салмақтағы Әлемнің экс-чемпионы.
3-ші орында өзінің 37 жеңісінің 19-ын накаудпен аяқтаған былғары қолғап шебері тұр. Оны тіпті орта салмақтағы бокс патшайымы деп те атайды екен.
Рогозина Наталья 2-ші орынға табан тіреді. WIBF версиясы бойынша орта салмақтағы кәсіпқой боксшылар арасында Әлем чемпионы. Екі дүркін Әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері, екі дүркін Еуропа чемпионы, әуесқой бокстан Ресейдің бес дүркін чемпионы.
Ал үздік бестіктің көшін бастап тұрған Қазақстандық 22 жастағы боксшы Фируза Шарипова. Азия чемпионатының қола жүлдегері (2012) атанған Фируза соңғы 5 жекпе-жегінде қарсыластарының төртеуін накаудпен жеңеді.
Пікір қалдыру