АҚШ Венесуэлаға қарсы жаңа санкцялар енгізбек

/uploads/thumbnail/20170731130129973_small.jpg

Вашингтон Ұлттық құрылтай отырысындағы сайлауға жауап ретінде Венесуэлаға қарсы жаңа санкциялар енгізбек, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы  Reuters америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, санкция шаралары америкалық шикі мұнай жеткізілімдеріне қатысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, жоғарғы лауазымдағы шенеуніктерге де қатысы барын айтады.

Вашингтонның Венесуэладағы жағдайы жайындағы пікірі АҚШ-тың мемлекеттік департаментінде мәлімделген:

«Біз Венесуэла сәулетшілерінің өктемшілдігіне қарсы қатаң әрі тез шараларды қолдануды жалғастырамыз. Әңгіме дауыс беру арқылы ұлттық құрылтай отырысына қатысқандарға қатысты айтылды», - деп жазды Мемлекеттк департамент өкілі Хезер Науэрт.

АҚШ бұған дейін Венесуэлаға қатысты санкциялар жүргізген: «зорлық-зомбылық пен қуғын-сүргін», «демократияға нұқсан келтіргені», сондай-ақ «сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік құрылымдар» үшін. Венесуэла президенті Николас Мудро санкция астында қалған лауазымды тұлғаларды марапаттап, мемлекеттік ұлттық батыры Симон Боливардың семсерін табыстаған.

Айта кетейік, соңғы жылдары Венесуэла ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп келеді. Бірнеше уақыттан бері мемлекетте азық-түлік, дәрі-дәрмек, басқа да тауарлардың тапшылығы байқалады.

Ал сәуірден бері Мадуроның биліктен кетуін талап еткен Венесуэла тұрғындары күнде шеруге шығады.

Шілденің ортасында оппозиция ұйымдастырған референдумда сайлаушылардың 98%-ы Мадуро ұсынған конституцияға қарсы дауыс берді. Президент парламентті ауыстырып, Конституцияға өзгеріс енгізуге мүмкіндік беретін конституциялақ ассамблея құруды көздейді.

Венесуэла билігі 28 шілдеден 30 шілдеге дейін Құрылтай отырысындағы сайлауға байланысты наразылық шерулерін өткізуге тыйым салған. Бұйрыққа құлақ аспаған адамды 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде ескертілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар