АҚШ-тың Алабама штаты Уокер округінде бірден 12 тұтқын қашып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай түрмеден қашып кеткен 12 тұтқынның алтауы ұсталған. Ал тағы алтауы бостандықта жүр.
Қылмыскерлердің екеуі- адам өміріне қастандық жасағаны үшін, ал тағы екеуі – есірткіге қарсы қылмыстар үшін жазаларын өтеп жатқан. Қылмыскерлердің ең кішісі 19 жаста, ал ең үлкені 30 жаста.
Пікір қалдыру