Кабулдағы БАҚ-тың хабарлауынша, Ауғанстан астанасындағы Ирак елшілігінің маңында жарылыс болған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөздерге сүйенсек, 31 шілде күні орын алған шабуылға автокөліктегі террорист себепші болуы мүмкін. Полицей өкілі оқиға орнында Қауіпсіздік күштерінің болғанын хабарлайды. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі анықталмаған.
Жыл басталғалы Кабулда атыстар мен жарылыстар толастар емес. Терроризм жауапкершілігі осы уақытқа дейін Талибан мен ДАИШ ұйымдарына артылған.
Пікір қалдыру