Қазақстан сыртқы істер министрлігі жергілікті БАҚ Қытаймен шекарада ұсталды деп хабарлаған қазақстандық студент Аққу Еренбекке қатысты оның туыстары мен таныстарынан ақпарат түскен жағдайда оны "егжей-тегжейлі тексеруге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың сөзінше, министрлік ұсталған студент туралы ақпаратты тексеруге кіріскен, бірақ оның төлқұжат деректері қажет. "Кейбір ақпараттарда келтірілген туыстары, таныстары мен жақындарының ешқайсысы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген жоқ. Егер ондай ақпарат түссе немесе бізге қыздың Қазақстан азаматы екенін растайтын төлқұжат мәліметтерін берсе онда барынша тексеріп, тиісті ақпаратты сұратамыз" деген Жайнақов ҚазАқпаратқа.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 19 жастағы студенті Аққу Еренбек ұялы телефонынан Құран және "Қылмыс" романы табылғаны үшін тұтқындалған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі Аққу Еренбек жаздық демалыста Қытайдағы үйіне қайтар жолда Майқапшағай-Жеменей шекарасында Қытай Қауіпсіздік қызметкерлері жағынан тұтқындалған.
"Қылмыс" романы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жағынан баспадан шыққан. Авторы Қытайда 40 жыл түрмеде отырған қазақ Қажығұмар Шабданұлы.
Пікір қалдыру