Мейрамбек Бесбаев Баян Мақсатқызының кітабын оқып уақытын босқа шығындағысы келмейтінін айтты.
Бұл туралы Мейрамбек Беспаев Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Отандық бағдарламалардың бірінде Мейрамбек Бесбаев өзі жайлы, өнері жайлы біраз сыр шертті. Айтылған әңгімеден қазақ қыздарының келешегі де тыс қалмады. Бүгінде көпшіліктің назарына ілігіп жүрген Баян Мақсатқызының өзі туралы жазған кітабына қатысты пікірін де айтып өтті. Әншінің айтуынша, Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан сынды танымалдар қазақ қыздарына өте үлкен ықпал жасап отыр. Әнші қазақ қыздары үшін уайымдайтынын айтып, Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан сынды танымал тұлғалардың әрекеттерін құптамайтынын жеткізді.
“Мен өмірде әйел адамдардың кітабын оқи алмайтын шығармын. Себебі, біреудің өміріне араласқым келмейді. “Шын мәнінде мынадай болған екен ғой” деп өсек сөз тасығым келмейді. Тек қыз балалардың ішінде ақындардың кітабын оқитын едім. Мысалы, поэзиядан Фаризаны оқитын едім. Ал бірге өмір сүріп келе жатқан замандастырымыздың ішкі дүниесін білгім келмейді. Қазір бір-екі қызға қаракөздеріміз ұрынып, солар секілді болғылары келіп жүр.
Мысалы, Динара Сәтжан, Баян Есентаева сияқтылар қыздарымызды тәрбиелеп жатыр. Бұл нәрсенің соңы жақсылыққа әкеліп соқтыра ма, жамандыққа әкеліп соқтыра ма білмеймін. Бірақ, қаракөздеріміздің соларға еліктеп жатқандары рас. Жалаңаш денесін көрсетуді ұят емес деген келтіру дұрыс емес. Кей жерде әдепті аттап өтіп жатыр. Мұны сәнге айналдырғандары мені кейде қынжылтады. Мен ондай адамдардың кітабын оқымаймын, уақытымды бос кетіргім келмейді», дейді Мейрамбек Бесбаев.
Пікір қалдыру