Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) ұйымдастыруымен «2017 ж. мамырда өткен «Белдеу мен жол» форумының қорытындысы аясында Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара ықпалдастықтың болашағы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Әлемдік экономика және саясат институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дөңгелек үстел жұмысына Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанның сарапшылары, ӘЭСИ аналитиктері, сонымен қатар, Қазақстанның алдыңғы қатарлы мамандары қатысты. Олардың қатарында: Қырғыз Республикасы Стратегиялық зерттеулер ұлттық институтының директоры (ҚР СЗҰИ) Азамат Дикамбаев, Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының (СЗО) анализ және болжау басқармасының басшысы Абдулло Хаким, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Константин Сыроежкин, «ChinaCenter» Қазақстан-Қытай серіктестігі халықаралық орталығының бас директоры Әділ Каукенов, Қоғамдық мәселелер анализі орталығының директоры Меруерт Махмутова, «Эксперт-Казахстан» іскерлік журналының бас редакторы Сергей Домнин, Александр Князев, Бахтиер Эргашев (Өзбекстан Республикасы) және т.б. тәуелсіз сарапшылар бар.
ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаевтың сөзінше, бүгінгі таңда «Белдеу мен жол» қытайлық бастаманың дамуы аясында Қытай-Орталық Азия форматындағы байланыстар кеңейтілуде: «Орталық Азия аймағының барлық елдері шығыстағы көршімен тығыс қарым-қатынаста. Аймақтағы елдер алдында олардың экономикалық және көлік-инфрақұрылымдық дамуын арттыратын жаңа мүмкіндіктер пайда болуда».
- Сонымен қатар, Орталық Азияда аталмыш бастама аясында жаңа геоэкономикалық жағдайдың құрылуы мүмкін болатын қатерлерге баға беру жағынан сарапшылық ұғынуға мұқтаж, - деді Е.Салтыбаев.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Ортаазиялық аймақтағы әрбір елдің Қытаймен серіктестігі процесін, инвестициялық серіктестіктің қазіргі ахуалы, өңір мемлекеттері мен ҚХР арасында жиі туындайтын түйткілді мәселелер, өңір мемлекеттері арасындағы серіктестіктің жағдайы, сонымен қатар, Қытайдың «Белдеу мен жол» бастамасына ары қарай қатысудың болашағы секілді тақырыптарды талқылады.
Пікір қалдыру