ДАИШ Ирак елшілігіндегі терактіні өз мойнына алды

/uploads/thumbnail/20170731174216202_small.jpg

Ауғанстан Қауіпсіздік күштері Ирак елшілігінде жарылыс ұйымдастырған ДАИШ террористік ұйымының жауынгерлерімен қақтығысқа түсті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ауғанстан ІІМ хабарлауынша, террорист елшілік маңында өзін жарып жіберген, сол уақытта үш қарулы адам ғимараттың ішіне енуге тырысқан.

Министрліктің өкілі Наджиб Даниш ирактық дипломаттарға еш қауіп төнбегенін айтып, оқиға орнында операцияның әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді. Зардап шеккендер жайында ақпарат шыққан жоқ. Тек ғимараттан адамдардың эвакуацяиланғаны анықталған.

ДАИШ ұйымы шабуылдың жауапкешілігін мойындарына алды. Бұл туралы жергілікті Amaq агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Кабулда Талибан мен ДАИШ ұйымдастырған 7 жарылыс болды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар