Гавайиде жаяу жүргіншілерге жолдан телефонға қарап өтуге тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170731180330753_small.jpg

Жергілікті билік жаяу жүргіншілерге жолдан өткенде телефонға қарап өтуге тыйым салды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап.

Жолдағы өлімді қысқарту мақсатында қабылданған заң 2017 жылдың 25-ші қазанында күшіне енеді.

Заңды бұзғандар 15 доллардан 35 долларға дейін айыппұл төлейді. Тек жолдан өтіп бара жатқанда шұғыл қызметті шақырғандар ғана жазадан босатылады.

Мэр Гонолулу Кирк Колдуэлл Гавайи штатында жаяу жүргіншілердің кесірінен АҚШ-тың басқа қалаларымен салыстырғанда апат көп  болатынын айтты. Reuters-тің мәліметінше, 2000 жыл мен 2011 жыл аралығында,телефондарына үңілген адамдардың кесірінен 11,1 мың жол апаты орын алған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар