Негізгі азық-түлік тауарларын ішкі тұтынудағы импорт үлесі төмендеген

/uploads/thumbnail/20170731182115184_small.jpg

2017 жылғы қаңтар-мамыр кезеңінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29 түрден тұратын негізгі азық-түлік тауарларының 11 түрі бойынша (қой еті 65%-ға, басты пияз 46%-ға, қырыққабат 22%-ға, жармалар 20%-ға, қышқыл сүт өнімдері 18%-ға, сары май 17%-ға, бидай ұны 14%-ға, өңделген сүт 13%-ға, өсімдік майы, ірімшік пен сүзбе 10%-ға, асханалық қызылша 5%-ға) импорттың төмендеуі белгіленуде, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР АШМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Яғни азық-түлік тауарларының тұтынуындағы 38% бойынша импорттың төмендеуі және тиісінше 62% артуы белгіленуде.

Негізгі азық-түлік тауарларын ішкі тұтынудағы импорт үлесінің төмендеуі құс етіне 2,7%-ға, жармалар 2,4%-ға, өңделген сүт 0,1%-ға, сары май 5,7%-ға, өсімдік майы 3,4%-ға, балық 5,6%-ға белгіленуде.

Тиісінше осы тауарлар бойынша өндірістің артып, жайлап импортты алмастыру белгіленуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар