3000 оқушы тегін оқу-құралмен қамтамасыз етіледі

/uploads/thumbnail/20170801095828666_small.jpg

ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жаңа оқу жылына арналған жалпыреспубликалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін дәстүрлі шарада республика бойынша 3000 оқушыға көмек көрсетіліп, оқу-құралымен қамтамасыз етіледі. Олар - көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп оқушылары деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының басталуына орай баспасөз-конференциясы өтті. «Мектепке жол» акциясы 10 жылдан бері елімізде үзбей өткізілетін шара. Акция аясында оқушыларды жаңа оқу жылына дайындап, әлеуметтік себеп-салдарынан мектепке бара алмай қалған балаға кәсіпкерлер мен еріктілер көмек көрсете алады.

«Біздің мақсат,  аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады. Айталық, былтыр республика бойынша 320 000 балаға 2 млрд. астам қаржыға оқуға керекті құрал жабдықтарын алып бердік»,-деді ҚР Білім және ғылым министрілігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім.

Сондай-ақ, баспасөз конференцияға ҚР Білім және ғылым министрілігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры  Зейнеп Мақсұтова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювиналды полиция бөлімінің басшысы Әсет Оспанов, Әлеуметтік көмек департаменті азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау істері басқармасының басшысы  Максим Чаркин және «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры Марат Әбсәттаров қатысты.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювиналды полиция бөлімінің басшысы Әсет Оспанов баспасөз конференцияда мектепке бармайтын балаларды рейдтік іс-шаралар, пәтерлерді аралау арқылы анықтауға, мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетуге аса көңіл аударылмайтынын айтты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар