Хакерлер атақты «Тақтар ойыны» сериалы туралы құпия деректерді ұрлаған

/uploads/thumbnail/20170801105157107_small.jpg

Enterteinment Weekly басылымының мәліметінше, хакерлер бірнеше бөлімнің құпиясын ашпақ.

Белгісіз хакерлер америкалық НВО телеарнасының компьютерлік жүйесінен «Тақтар ойыны» сериалының алдағы бөлімдері жөнінде ақпаратты ұрлап кеткен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті басылымның дерегіне сүйенсек, қастық ойлаушылар сериялдың бірнеше бөлімінің сюжетін таратпақ ойда, тіпті екі бөлімін таратып үлгерген көрінеді. Хакерлер НВО арнасынан 1,5 терабайт болатын ақпаратты ұрлап алғанын хабарлады.

Телеарна өкілдері компьютерлерінің кибершабуылға тап болғанын нақтылады. Сондай-ақ хакерлер коммерциялық ақпаратқа қол жеткізгені мәлімделді, алайда дәл қандай ақпарат екені белгісіз.

«Біз болған оқиғаға байланысты дереу тергеу жұмыстарын бастап кеттік. Бүгінде құқық қорғау органдарымен, киберқауіпсіздікпен айналысатын компаниялармен жұмыс істеп жатырмыз», - делінген НВО арнасының хабарламасында.

«Тақтар ойыны» сериалы Джордж Мартиннің «Песнь льда и пламени» қиял-ғажайыпқа негізделген романының желісі бойынша түсірілген.

6-маусымның әр сериясын орта есеппен 25 млн. адам қараған. Бүгінгі таңда 7-маусымы жүріп жатыр. Киноэпопея авторлары 8-маусымның соңғы болатынын мәлімдеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар