«Қытай халқы әлемдегі бейбітшілікті қастерлейді және ешқашан агрессор болмайды. Алайда ешкімге өзінің территориясының кішкене бөлігін де алуына жол берейді» деді өз мәлімдемесінде ҚХР-дың төрағасы Син Цзиньпин. Бұл сөздерді Син Цзиньпин Қытай халық-бостандық армиясының 90-жылдық салтанатты мерейтойында айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
«Қытай халқы бейбітшілікті сүйеді, агрессиялы елге айналмайды. Бірақ біз ешбір адамға, ұйымға, саяси партияға өз жерімізді тартып алуға жол бермейміз»-деді Қытай лидері.
Ол Бейжіннің тәуелсіздігіне, бостандығына, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді болдыртпайтынын атап өтті.
Пікір қалдыру