Астана әкімінің экс-орынбасары, Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі кәсіпкер Нұрәлі Әлиев спорттық өрмелеу мен альпинистер федерациясына басшылыққа келді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Федерация сайтына сілтеме жасап.
Альпинистер федерациясының сайтында жария болған деректерге сәйкес, федерацияның жаңа басшысы қызметіне Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиев тағайындалды. Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев 2014 жылдың желтоқсанынан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың сәуір айында 32 жастағы Нұрәлі Әлиевтің есімі «панамалық деректерде» саясаткерлер мен кәсіпкерлердің оффшорлық шоттары бойынша баспа дерегінде пайда болды. Кейбір елдерде бұл деректер түрлі жанжалдарға және де қызметкерлердің орнын босатуына алып келген болатын. Ал Қазақстанда халықаралық журналистерді тергеу жұмыстары ешқандай да реакция тудырмады.
Пікір қалдыру