Алматы орталығында дүкен өртеніп екі адам зардап шекті

/uploads/thumbnail/20170801131145046_small.jpg

1 тамыз күні Алматыда Алмалы ауданында дүкен өртенді деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме беріп.

ТЖД мәліметтеріне сүйенсек, өрт 10:51-де басталған. Алмалы ауданы Шарипов көшесіне өрт сөндірушілер төрт минуттан кейін  10:55-те жеткен.

Дүкеннің шатыры өртеніп, өрт жақын жердегі тұрғын үйлерге жайылу қаупі төнді. Қолданылған шаралармен өрт 11:06-да сөндірілді. Өрт аумағы 30 шаршы метр болды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді. Өрт себебі - газ балонының тұтануы. Өрт салдарынан екі автокөлік жартылай зақымдалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар