Дәрігерлер науқастар қойған "лайк" арқасында еңбекақы алады

/uploads/thumbnail/20170801152828302_small.jpg

Денаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда дәрігерлердің еңбекақысы пациенттердің оң бағасы мен ақпараттық жүйедегі рейтингіне байланысты болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі сілтеме жасай отырып tengrinews.kz.

«Дәрігерлер жұмысының сапасына байланысты еңбекақы алғаны маңызды. Ал бұл сапаны пациенттер анықтайтыны белгілі. Сол үшін адам консультация алу үшін ақпараттық жүйе арқылы дәрігерлер туралы пікір оқып, кімге баратынын өзі таңдай алатындай жүйе құрғымыз келеді.

Бұл бағалаудың ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылады. Әр пациент былайша айтқанда «лайк» қоятын болады. Бұл «жұлдызшалар» жүйеде көрініп отырады, ал қор осы жауаптардың қорытындысы бойынша қанша төлейтінін шешеді. Бұл кері байланыстың бір түрі»,- дейді Елжан Біртанов. 

Министрдің айтуынша, пациент біліктілігі жоғары маманға кезекке тұра ма, әлде рейтингі төмендеу, бірақ бос уақыты бар дәрігерге бара ма өзі таңдайтын болады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар