Сирияның солтүстігінде соғысқа қатысқан бірнеше азамат тұтқындалды. Олар көптеген мемлекеттерде тыйым салынған террористерден тұратын ДАИШ ұйымына жақтасып соғысқан деген болжамдар жасалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Азаматтардың нақты саны жарияланған жоқ. Швецияның радиобағдарламасы тұтқындардың арасында шведтердің де бар екенін мәлімедеді.
«Солтүстік Еуропадан шыққан ДАИШ әскерлері ұсталып, Сирияның солтүстігінде Рожава ауданында қамауда отыр. Рожава Сирияның солтүстігінде құрылған әкімшілік бірлік, сондай-ақ әскери қорғаныс құрылымы. Жергілікті мәліметтерге сүйенсек, ұсталғандардың арасында шведтердің де бары анықталған», - деп хабарлайды швециялық радиобағдарлама.
Швеция полицейлерінің айтуынша, 2012 жылдан 2016 жылға дейін елден ДАИШ сынды террористік ұйымдармен топтасу үшін 300 адам шыққан.
Швециялық сарапшылардың дерегіне сүйенсек, 2016 жылдың күзінде 106 адам елге қайтқан. Қалған 112-сі Сирия мен Иракты тұрақтап қалды. 49 адам көз жұмды.
Пікір қалдыру