АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы санкциялар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл санкцияларды енгізуді болдыртпау үшін Мәскеу өзінің міндеттерін орындауы тиіс деді өз мәлімдемесінде АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі НТВ-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Майкл Пенс: «Біз санкцияның іске аспауын тілейміз. Бірақ ол үшін Ресей өз мойнына алған міндеттерін орындауы керек. Алайда Ресейдің соңғы дипломатиялық қадамдары олардың өздеріне тиесілі міндеттерін орындамай жатқандығын байқатады».
Заң бойынша, американдық компаниялар мен жеке тұлғаларға Ресейдің санкцияланған банктерімен келісімге келу жүзеге аспайтын болады. Сонымен бірге ресейлік энергетикалық секторға да шектеу қойылды. АҚШ конгрессмендері санкцияланған ресейлік энергетикалық компаниялармен келісімдерді қысқартпақ (90 күннен 60 күнге).
Пікір қалдыру