Қытай билігінің айтуынша, Корей елінде болып жатқан жағдайларға Пекин емес, Вашингтон мен Пхеньян жауапты. Бұл жайында БҰҰ Қытай елінің өкілі Лю Цзеи мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Лю Цзеидің айтуынша, жалғыз Қытай елінің талпынысы ешқандай да нәтиже бермейді, себебі аталмыш жайтқа КХДР мен АҚШ жауапты. Сонымен қатар, Пхеньян мен Вашингтон Корей түбегіндегі шиеленістің арта түсуіне және де келіссөздерді жалғастырғысы келмеуі үшін жауапты екендігін қоса айтып өтті.
Естеріңізге сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның ядролық сынағын тежеуге көмек көрсетпегені үшін Қытай билігін сынға алған болатын.
Пікір қалдыру