Дін мен мәдениеттің адам өміріндегі орны

/uploads/thumbnail/20170729153155148_small.jpg

Мәдениет – ішкі күйдің сыртқы суретті бедері. Ол –  шектеулі. Мәдениет –  шектеулі ғылымдардың, ұғымдардың бірі. Өйткені ол адам болмысына байланысты. Адам –  шектеулі. Мәдениет – адамның шектеулі іс-әрекеті. Басқаша оның ешбір ғажайып, құпия белгісі жоқ. Газет, алфавить, үй, жол, фабрика, киім-кешек, ауқаттың неше түрі, осының бәрі адамның қолынан шыққан, жасалған мәдениет түрі. Мысалы, ай, жұлдыз, күн, бұлт, тал, су, адам, құрт-құмырсқа, жел, шөп, жануар, тау, жер, көк  адамның мәдениеті ме? Жоқ. Олар –  Құдайдың жаратылыстары. Оларды біз меншіктей аламаймыз. Біздің меншіктейтініміз жоғарыда білдірілгендер. Солар біздің мәдениетіміз. Құдай фабрика соққан жоқ. Табиғатты жаратты. Жұлдызды болдырды. Ал адам фабрика соқты.

Құдай өзі жаратқан дүниені билесін деп адамға дінді түсірді. Адам өзі жасаған бар затты игеру үшін ғылымды іздеп тапты. Физика, химия, математика, медицина, генетика т.б. Дін мен мәдениеттің бір байланысы осындай. Әрине біз оны түсінуге өте оңай болсын деп осылай оңайлатып айтып отырмыз. Оңайлату – ғылымның басты шартының бірі. Ғылым қиындатудан тұрмайды. Оңайлатудан тұрады. Ғылымның өзін адам өз тіршілігін оңайлату үшін іздеп тапқан. АҚұдайдың бізге берген бұйрығы осындай. Оңай жолды таңдаңдар дейді. Дүниенің өзі жаратылысынан оңай емес. Бірақ, біз оның қиынынан оңайына қашамыз.

Дін Құдайдан. Мәдениет – адамнан. Дін – адамды басқарды. Ол адамға бағынышты емес. Адам – мәдениетті басқарады. Адамды дін басқарған кезде ғана –  адам. Адамды мәдениет басқарған кезде ол адамшылықтан айырылады. Өйткені, мәдениет адамды басқаруға емес,  адамға қызмет ету үшін жаратылған. Дін –  аспаннан түсірілген. Ал мәдениет –  жерде пайда болған. 

Мәдениет – форма. Дін – мағына. Дін –  рухани өмірдің кілті. Оны реттеуші күшке ие. Мәдениеттің қолынан ол келмейді. Адам жаратылысы өздігінен жартыкеш. Ол толық қалыпқа ие емес. Толық қалып деген – екі дүниені де бірдей ескере алу. Тек, бір дүниемен қалу адам жаратылысының жарты көрінісі. Мәдениет тек осы дүниеге ғана қызмет ете алады. Дін екі дүниеге де қатысты болып, екі дүниенің де мәселесін шешеді.

  Ақжол ҚАЛШАБЕК

 Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар