АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Қытайға қарсы бірқатар шараларды қолға алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі The New York Times газетіне сілтеме жасап.
Қытай өз елі аумағында интеллектуалдық меншік құқығы мен американдық компаниялардың қызметін шектеуге байланысты бірнеше шара қабылдады. Трамп Қытайдың КХДР ядролы қару төңірегіндегі бағдарламаны болдырмау жолындағы әрекетсіздігі салдарынан, бастапқы кездегі Пекинмен қарым-қатынасты нығайту турасындағы бағытын өзгертпек.
Трамп әкімшілігі Қытай тауарларына салынатын баж салығы мен қызмет көрсетуді бірден қымбаттатады. Бұдан бөлек басқа да шараларды қолданбақ.
АҚШ-тың Сенат Конгресіндегі демократтардың көшбасшысы Чарльз Шумер сейсенбі күні Трампқа хат жолдады. Онда Қытайдың АҚШ-тағы келісім-шартын шектеуді сұраған.
Бұған дейін Трамп Қытайды Солтүстік Кореяның ядролы қару жасауына ешқандай әрекет етпегенін қатаң сынға алған.
«Қытайдан көңілім қалды» деп жазды АҚШ президенті өзінің Twitter парақшасына.
Пікір қалдыру